Халық Тоқаевтың жолдауынан не күтеді?

166

 

Тек Шымкент қаласының өзінде биыл 22 000 бүлдіршін 1-сыныпқа барды (Менің немерем баратын N:80 мектеп 1200 оқушыға арналған. Биыл 4200 оқушы оқып жатыр).

Биыл Шымкент қаласында 4 жаңа мектеп пайдалануға берілді. (Төмендегі суретте 1200 оқушыға арналған мектептің типтік жобасы. Жылына қалада осындай неше жаңа мектеп салынуы керек?)

Түркістан облысында 1 сыныпқа 56 506 балдырған барды (Облыста жалпы саны 488 520 оқушы мектепте білім алады).

Қазақстанның "нанханасы" Солтүстік Қазақстан облысында бар болғаны 9300 бала 1-сыныпқа барған (Салыстыру үшін: Түркістан облысының Арыс қаласында ғана биыл 2500 бала 1-сыныпқа барған). 2000 жылдардан бері Солтүстік Қазақстан облысында 290 мектеп жабылған.

Ең сапалы нан өнімдері өндірілетін бидай өсетін Солтүстік өңірлерде еңбек ресурстары тапшылық ете бастады..

Есесіне Шымкент қаласы мен Түркістан облысында жұмыс орындары тапшы...

Кеше ғана теледидардан Қазақстанда 300 мыңға жуық Қытай азаматы бар деген ақпарат естідім. Олардың көпшілігі қазақстандық әйелдерге үйленіп алған деседі.
Мемлекеттік мүдде тұрғысынан қарасақ, біздің қыз-келіншектеріміздің сезім-пезім, құқық-сұқығында шаруамыз болмауы тиіс. Өз мүддемізді қорғаудың жолдарын іздеу керек.

Сондықтан мемлекет сыртқы және ішкі көші-қонды реттейтін жаңа бағдарлама қабылдау керек.
1. Еңбек ресурстары артық өңірлердің тұрғындарын еңбек ресурстары тапшы өңірлерге қоныс аударуды жеделдетудің қосымша тетіктерін іздеу керек.
2. Елге кіріп жатқан шетелдіктер мен Қазақстан азаматтар арасындағы неке мемлекет мүддесіне қауіп төндірмеу жолдарын қарастыру қажет.

 

 

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер