ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА 4 БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

3187
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының Констиутция күні қарсаңында Жамбыл облысы, Қордай ауданында бірнеше балабақша ашылды, деп хабарлайды adyrna.kz ұлттық порталы Қордай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қордай ауданына қарасты Жамбыл ауылында 200 орындық «Алихан-4», Алға ауылында 50 орындық «Бүлдіршін», Сортөбе ауылында  орындық «Томирис» және Гвардейск қалашығында 50 орындық «Ләйсан» балабақшасы ашылды.

Аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Жаманғозов ауыл тұрғындарын ҚР Конституциясы мерекесімен құттықтап, ауданда бірнеше балабақшаның пайдалануға берілетінін жеткізді. Солардың бірі Алға ауылындағы жекеменшік 50 орындық «Бүлдіршін» балабақшасы.

Бала – біздің болашағымыз. Сондықтан да біз балаларға қамқор болып, олардың жақсы тәлім-тәрбие алып шығуына ықпал етуіміз керек. Бүгінгі 50 орындық балабақшада бүлдіршіндерге барлық жағдай жасалған. Аталған балабақша 2 және 6 жас аралығындағы бүлдіршінді қабылдап, тәрбиелейтін болады. Жуырда елордада өткен Тамыз кеңесінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балаларды балабақшаға екі жастан бастап қабылдауды ұсынды. Біз осы ұсынысты қолдап, балаларды екі жастан балабақшаға қабылдап отырмыз. Жалпы ауданда Қазақстан Республикасы күні қарсаңында 4 балабақша ашылды, – деді ол.

Сондай-ақ, Жастар жылы аясында Алға ауылында «Street Workout» алаңы ашылды. Бейқұт Жамангозовтың айтуынша, аталған алаңша жастардың жаттығу жасауына арналған тамаша мүмкіндік. Сондықтан да ол ауыл жастары спортпен шұғылданып, бос уақытын тиімді пайдалануы керек екенін ескертті. Сонымен қатар, іс-шара барысында «Мектепке жол» акциясы аясында бес оқушыға мектепке қажетті заттар ұсынылды.

Тағы бір мектепке дейінгі білім беру мекемесінің бірі «Ляйсан S» балабақшасы. Аталған балабақша 3-6 жас аралығындағы балғындарды тәрбиелеп, жұмыс жасайтын болады. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Жаманғозов және ауыл тұрғындары қатысып, ақжарма тілектерін айтты. Ақсақалдардың айтуынша, балабақшаның ата-аналар үшін пайдасы зор. Өйткені балабақшаға баласын әкеліп, алағсыз жұмыс істеуге болады.

Сонымен қатар, мерекелік концерт ұйымдастырылып, жиналған көпшілік балалардың өнерін тамашалады.

«АДЫРНА»

Ұлттық порталы

Пікірлер