Жошы ханды ұлықтау- жоралғылы іс болмақ!

2575
Adyrna.kz Telegram

 

Президент Қ.Тоқаев Жошы ханның есімін ұлықтау жөнінде бастама көтеріп, соған пәрмен бермекші екен. Ақпарат құралдары айтып жатыр. Өте дұрыс. Уақыты келген әңгіме. Біздің, Ұлы дала тарихын Жошы Ұлысынан бастау керек. Соның негізінде құрылған Алтын Орда біздің тарихымыздың түп қазығы болуға тиіс. Жошыдан басталған Ұлы Шыңғыс ұрпағының ( қият түрік) дәрігейінде болған көшпелі қазақтың ру- тайпаларының тарихы Кенесары ханмен аяқталып жатыр. 6 ғасырдың ұланғайыр тарихы! Ұлы даланың, ұйыған ұлыстың тарихы! Басқа жұрттың маңдайына жазбаған тарих- бұл. Осындай жылт еткен жақсы жаңалықтар рухани жан дүниемізге аз да болса қан жүгіртері сөзсіз. Ел болсын деген басшы осындай асқақ, айбарлы, мағыналы істерді қолға алса керек- ті. Мен- Көк Түріктің, Ұлы Шыңғыс хан құрған алып империяның ұрпағымын! Бұдан артық қандай мақтаныш керек?!

 

Ерболат БАЯТҰЛЫ

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер