14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

296
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Ресей 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады. Бұл туралы бүгін, 23 қыркүйекте Бас прокуратураның баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ер адам 2023 жылғы қыркүйекте Шымкент қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінде 14 жасармен жыныстық қатынасқа түскен. Қылмыс жасалғаннан кейін қаскүнем жасырынып, халықаралық іздеу жарияланды. 2024 жылдың сәуір айында ол Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында ұсталды.

«Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Ресей тарапы күдіктіні отанына экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта сотталушы тергеу изоляторына қамалды»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, аталған қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Пікірлер