Қазақстандағы барлық мектепте ата-аналар жиналысы өтеді

232
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

23-27 қыркүйек аралығында еліміздің барлық мектебінде балалардың қауіпсіздігіне арналған ата-аналар жиналысы өтеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, эиналыста ата-аналардың бала өміріндегі, сондай-ақ онлайн кеңістіктегі қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігі туралы сөз қозғалады.

«Бала қауіпсіздігі ата-ана, педагог, әрбір ересек адам үшін басымдыққа ие болуы тиіс. Баламен ашық диалог құру, оның өміріне ұдайы қатысып отыру, цифрлық құрылғыларды бақылау және баламен қауіпсіздік тақырыбында әңгімелесу - бұл проблемалардың алдын алуға көмектесетін негізгі қадамдар. Ата-аналардың міндеті тек баланың жүріс-тұрысын бақылап қана қоймай, сонымен қатар өз баласымен оны әрқашан тыңдауға және көмектесуге дайын екенін білдіретін сенімді қарым-қатынас қалыптастыру. Бала біздің болашағымыз, олардың саламаттылығын сақтау тікелей бізге байланысты», - деп атап өтті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы оқу жылынан бастап білім беру ұйымдарында апта сайын сынып сағаттары аясында «Қауіпсіздік сабақтары» өтуде.

Пікірлер