Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаевтың жары Мархабат Бесбаева үшінші сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Өнер иесінің жұбайы қуанышымен бөлісіп, әлеуметтік желідегі парақшасында халықтан сүйінші сұрады.
«Ал сүйінші менің құрметті оқырмандарым! Мен аман-есен босандым. Аллаға шүкір.
Кім босанды деп ойлайсыздар?»—деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Мархабат Бесбаева араға тоғыз жыл салып тағы да құрсақ көтергенін қуана хабарлаған болатын.