Алматыда “Жас сақшы” командалары арасында шағын футболдан турнир өтті

575
Adyrna.kz Telegram

Алматыда “Жас сақшы” командалары арасында шағын футболдан турнир өтті, – деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұрын хабарланғандай, қазақ мектептерінде “Жас сақшы” полиция сыныптары біртіндеп ашылуда. Бұл – Ішкі істер министрлігінің басым жобасы және ең алдымен патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, мектеп жағдайында құқық бұзушылықтың алдын алуға және мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталған. Бұл бастама ІІМ үшін полицияның кәсіби өзегін сақтаудың, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етудің, уақыт өткен сайын қалыптасқан озық дәстүрлерді насихаттаудың ерекше маңыздылығын көрсетеді.

Алматыда жас полицейлер бас қосты. Өткен демалыс күндері жасөспірімдер арасында шағын футболдан турнир өтті. Ішкі істер министрінің кубогы үшін 21 командадан 200 бала бақ сынады. Турнирге қатысушылар шараның салтанатты ашылуы өткен ҚР ІІМ М.Есбулатов атындағы Алматы академиясына орналастырылды. Балаларға Алматы полициясының арнайы техникасы мен ЖҚАЖ сарбаздарының тамаша қойылымы көрсетілді. Ойынның өзі “Динамо” стадионында “Қайрат” футбол клубы өкілдерінің белсенді қатысуымен өтті. Екі күнге созылған ойындардың қорытындысы бойынша турнирлік кесте келесідей болды: Шымкент қаласының командасы 1 орынды иеленді; Түркістан облысының өкілдеріне 2 орын; Жетісу өңірінің командасы 3-ші орынмен марапатталды. ҚР Ішкі істер министрінің кубогы үшін шағын футболдан өткен турнирдің қатысушылары мен жеңімпаздары кубоктармен, мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер