Қарағандының экс-әкімінің ұлы анасын ұрып-соққаны үшін сотталды

231
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Pixabay
Сурет: Pixabay

Қарағанды қаласының экс-әкімі Шаймерден Оразалиновтың ұлы 78 жастағы анасын аяусыз ұрғаны үшін сотталды. Бұл туралы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары ер адамды 1946 жылы туған анасының денесін әдейі жарақаттап, денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін және дәрменсіз күйде қалдырғаны үшін Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша айып тақты.

Ер адам кейуанамен жалжалдасып, оның басынан, денесінен ұрып тепкен. Салдарынан әйелдің миы шайқалып, беті жарақаттанған. Сондай-ақ қабырғалары мен омыртқасы сынған.

Әбіл Оразалиновтің кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің (көршілердің) айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және істің басқа материалдарымен дәлелденді.

Сот оны 3 жылға соттап, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуге үкім шығарды. Сонымен қатар сотталушыдан 1 млн теңге көлемінде моральдық зиян сомасы, сондай-ақ адвокаттарға төленген шығындар өндірілді.

Пікірлер