Алаш арыстары ұрпақтар жадында

1177
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Зият» атты жаңа жоба бастау алды. Оның авторы 11 - сынып оқушысы Жәнібек Кенжебек.

«Зият» танымдық дәрістер мен қызықты адамдармен кездесулерді қамтиды. Жобаның алғашқы қонағы алаштанушы - ғалым Елдос Тоқтарбай.

Зияткерлік мектеп оқушылары үшін «Алаш қозғалысының элитасы: тұлғаны дамыту, зиялы қауым, көшбасшылық» атты дәріс оқыды. Кездесу барысында Елдос Тоқтарбай ұлт-азаттық қозғалыс қайраткерлерінің батырлығы мен еңбектері туралы айтып берді.

Өзі атап өткендей, алаштанушының басты мақсаты - жас ұрпаққа XIX және ХХ ғасырлар тоғысындағы ұлттық зиялы қауым өкілдері қозғалысының маңыздылығын және әділдік пен бостандық үшін күресушілердің адалдығы туралы жеткізу.

 Спикер ретінде мен жастармен жиі кездесемін, мені әртүрлі білім беру мекемелеріне, елдің әртүрлі аймақтарына шақырды. Менің міндетім Алаш қозғалысына, олардың өмірі мен қызметіне өскелең ұрпақтың бойында қызығушылықты арттыру, осы көшбасшылардың мысалдарында жастарға ұлттық тәрбие беру. Олар сияқты білімді, ұлтжанды болсын деймін, — дейді Елдос ағамыз.

Менің ойымша, кездесу патриоттық тәрбие мәселесінде өте маңызды. Біз үлкен мотивация алдық. Алашордалықтардың өмірі мен еңбектері біз үшін, өскелең ұрпақ үшін үлгі болуға тиіс, — деп бөлісті 11 - сынып оқушысы Еңлік Бағыбай.

Жобаның авторы Жәнібек Кенжебектің айтуынша, «Зият» интеллектуалды және рухани-адамгершілік жағынан дамуға бағытталған.

Пікірлер