Белгілі актер Үсіпхан Әбдікерімұлы өмірден өтті

4508
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ғабит Мүсірепов театрының баспасөз қызметі
Фото: Ғабит Мүсірепов театрының баспасөз қызметі

Қазақстандық танымал актер, "Құрмет" орденінің иегері Үсіпхан Әбдікерімұлы қайтыс болды. Қаралы хабарды Ғабит Мүсірепов театрының баспасөз қызметі жеткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Желтоқсан көтерілісінің" қаһарманы, "Құрмет" орденінің иегері, актер Үсіпхан Әбдікерімұлының қазасына қайғыра көңіл айтамыз. Марқұмның топырағы торқа, жатқан жері жайлы болсын. Жақындары мен отбасының және қызмет еткен М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ауыр қайғысына ортақпыз", - делінген ресми хабарламада. Үсіпхан Әбдікерімұлы 1990 жылы театрымыздың актерлік құрамына қабылданып, С.Балғабаевтың "Ең әдемі келіншегінде" Абдолла, "Қыз жиырмаға толғанда" драмасында Есімсейіт, Д.Исабековтің "Анасын аңсаған қызында" Смат рөлін сомдап, өнер ошағында 1999 жылға дейін қызмет етті.

Пікірлер