Мәдениеттанушы, ғалым Мұрат Әуезов дүниеден озды

5572
Adyrna.kz Telegram

Мәдениеттанушы, ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері, Мұхтар Әуезовтің ұлы Мұрат Әуезов өмірден өтті.  Қаралы хабарды әдебиет зерттеуші ғалым, филология ғылымының кандидаты Мамай Ахетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Алтынның сынығы да - алтын... Ұлының тұяғы, асылдың сынығы, қазақ мәдениетінің шырақшысы Мұрат Мұхтарұлы да бетін келмеске қарай бұрыпты. Қош, абзал аға, ақылды ұстаз! Алдыңнан жарылқасын!", - деп жазды ол.

Ақпаратты Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы растады.

Мұрат Әуезов 1943 жылы 1 қаңтар күні Жамбыл облысында Мерке кентінде қазақтың жазушысы Мұхтар Әуезов пен Фатима Ғабитованың отбасында дүниеге келді.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын "Қытай филологиясы" мамандығы бойынша бітірді.

1970-1976 жылдарда М.М.Әуезов "Эстетика кочевья" ұжымдық монографиясын әзірлеген (1975 жыл) философия және құқық институтындағы эстетика тобына жетекшілік етті.

1981-1987 жылдарда "Қазақфильм" киностудиясында бас редактор болып қызмет атқарды.

1988-1990 жылдарда Қазақстан жазушылар одағының көркем аударма және әдеби өзара байланыстар жөніндегі Алқасын басқарды.

1990-шы жылдардың соңында М.М. Әуезов Қазақстандағы "Мир" телерадиокомпаниясының көркемдік жетекшісі болды.

1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Халық депутаты болып сайланып, онда Кеңес Президумының мүшесі, парламентаралық байланыстар жөніндегі комитеттің төрағасы болды.

1992 жылғы желтоқсаннан ҚХР-дағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

1995 жылы Алматы облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық келісім департаментін басқарды.

1999 жылғы желтоқсаннан "Сорос-Қазақстан" қорының атқарушы директоры, 2002 жылғы шілдеден қордың президенті.

2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры қызметін атқарды.

Пікірлер