Жамбылдағы тау-кен байыту кешендерінің бірінде жұмысшы үйінді астында қалған

827
Adyrna.kz Telegram
Фото: "Алтыналмас" АҚ баспасөз қызметі
Фото: "Алтыналмас" АҚ баспасөз қызметі

18 қыркүйекте «Алтыналмас» акционерлік қауымдастығының Жамбыл облысындағы тау-кен байыту кешендерінің бірінде тау жыныстары құлады. Салдарынан бір жұмысшы үйінді астында қалып қойған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«2024 жылы 18 қыркүйекте Жамбыл облысындағы «Алтыналмас АҚ» тау-кен байыту кешендерінің бірінде тау жынысы құлады. Оқиға орнына авариялық-құтқару жасағы келіп, іздеу-құтқару операциясы басталды», – делінген компания хабарламасында.

Қазір үйінділердің астында қалған жұмысшы іздестіріліп жатқаны белгілі болды.

Компания оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастағанын мәлімдеді. Оқыс оқиғадан кейін, бірден жұмыс тобы құрылды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауы тиіс.

«Алтыналмас» Доре құймаларындағы алтынды өндіреді.

Айта кетейік, компанияның негізгі акционерлері бар. Gouden Reserves B.V. – 60%, Владимир Жұманбаев – 20% (2022 жылы 22 пайыз), Дияр Қанашев – 10,5%, Игорь Ветиул– 6,5% иеленетіні жазылған.

Компанияның түпкілікті иесі және бақылаушы тарабы – Family Trust атынан әрекет ететін Trustee Pte Ltd компаниясы екені айтылды.

Пікірлер