Денис Тенді жаттықтырған әйгілі бапкер өмірден өтті

1586
Adyrna.kz Telegram
Фото: Toyota Sports Center: UGC
Фото: Toyota Sports Center: UGC

Кеше, 9 маусым күні 85 жасында әлемге танымал америкалық мәнерлеп сырғанаушы, отандасымыз марқұм Денис Тенді жаттықтырып, тәжірибесін бөліскен тәлімгер Фрэнк Кэррол көз жұмды. Бұл ақпаратты АҚШ мәнерлеп сырғанау қауымдастығы растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Ол көптеген Олимпиада және Әлем чемпиондарының, сондай-ақ көптеген болашақ Даңқ залының мансабында маңызды рөл атқарды», – делінген хабарламада.

Фрэнк Кэрролл Құрама Штаттардағы мәнерлеп сырғанаудан ең табысты жаттықтырушы ретінде танылды. Денис Теннен бөлек, оның шәкірттері қатарында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпиондары Линда Фратиани, Мишель Кван және Эван Лисачек болды.

Фрэнк Кэрролл 1996 жылы АҚШ-тың мәнерлеп сырғанау даңқ залына енгізілді. 1997 жылы АҚШ Олимпиада комитеті оны «Жыл жаттықтырушысы» деп таныды, ал 2007 жылы ол Дүниежүзілік Даңқ Залына енгізілді.

 

Пікірлер