Ақ жиреннің үйірі таңғы шықты шиырлап... Моңғол ақындарынан үш өлең

769
Adyrna.kz Telegram

Мөнхөөгийн Билэгсайхан - 1965 жылы Моңғолияның Құбы-Алтай аймағының Алтай сұмынында туған ақын.

Ақ жиреннің үйірі таңғы шықты шиырлап,

Жетілген зәу текенің қайқы мүйізі иірлеп...

Моңғол үйдің сыртынан мал иісі бұрқырап,

Атқа құмар жас жігіт әуелетіп қиырлап,

Таңғы сәулемен таласа түндікті түріп  назданып –

Сұңғақ бойлы сұлу жар тезекпен отты маздатып,

Қою күрең бал шайын құлаш кере сапырып,

Шыңғыс ханның анасының ұрпағы, көк аспанға «сүт шашып»

Еңселі ел жұртымда, таң атқанының белгісі.

Тал түстегі көлеңке аяқ астына тығылып,

Көз жетер жер көрінер, мұнар тартып құбылып,

Малға ебдейлі балақай қойды суға түсіріп,

Біздің, сіздің үй барлығы, борда шайға сұғынып,

Үй толы отыр қарттарым шылым шеге кеңесіп,

Әйелдер, балалар атқарар өлшеусіз істі селбесіп,

Күн түскен жердің көк шөбі иісі мүңкіп аңқыған,

Аркі тартқан ауылдың күшті буы шарпыған,

Балапан кішкентай бозторғай, ұшып-қонып шырылдап,

Жаздың жайлы күндері осылай боларының белгісі.

Күндізгі жайылым қойларын жайдақ жерге қоралап,

Кешкі бозғылт сәулемен тау-жоталар бозандап,

Бүгінгі болған жағдайды ауыздан -  ауызға жеткізіп,

Кешкі кездесу сәттерін жастары серт еткізіп,

Ақсүйек тастар ойынға тұрғыластар көптеп бас қосып,

Ертегі аңыз-әңгіме аталар жағынан астасып,

Ай сәулелі самалды желідегі сиыр қарпып, күйістеп,

Шелекте сауылған сүт беті – қаймақшып, қалқып жылыстап,

Орныққан моңғол ауылда кеш болғанның белгісі.

Үркер, жеті қарақшы, жұлдыздар самсап толғанда,

Күндізгі үшкүл түндігі түнде төрткүл болғанда,

Жігітке сенім берген қыз, ұйқысыз ояу  жатқанда,

Арғымақ аттың жүгені дереге жанаса тиген-ді.

Көпті көрген көне көз ауылдың егде әжесі,

Түндік ашуға шыққан-ды таң ағара бергенде,

Тұлпарсыз тұрған дереден жас бопайды көргенде,

"Күйеулі болады екенбіз, -" деп,

Бойжеткен кезін еске алды.

Аспаны ашық, ақ жарқын моңғол еліне,

Отау қосыларының белгісі еді бұл.

 

Үштік түзімдегі нақылдар

Дулдуйтын Данзанравжаа(1803 - 1856) Моңғолияның Шығыс Құбы аймағының Үрген сұмынының адамы. Дін жолын ұстанған, 7 жасынан өлең жазған. Шағын қойылымдар жазып, оны сахналаған. Дарынды сазгер, ойшыл ғұлама адам болған.

Өскен шақта толғандырар,

Тағзым, талап, көңіл үшеуі.

Өрлеуің үшін талғам болар,

Нақыл, ақиқат, өнеге үшеуі.

Қамқорлықтың парыз шыңы,

Әкең, анаң, отаның үшеуі.

Аялаудың асыл шыңы,

Қарттар, сәби, жарың үшеуі.

Жеңуден бұрын жетер жеңісің,

Асыл тән, тілің, көңілің үшеуі.

Жетік меңгерер жетелі ісің,

Сөз, әуен, саз аспап үшеуі.

Әр кез сақтап бағалайтының,

Асыл тән, тілің, көңіл үшеуі.

Үнемі күтіп баптайтының,

Білім, ой-сана, қуат үшеуі.

Жарқырап көрінуге негіз,

Ояну, ойлау, талпыну үшеуі.

Қамығып құлдырау белгісі -

Ұйқы, ұмытшақ, кесірлік үшеуі.

Жұмыс уақытын жинақтау –

Таңға, күндіз, кешке үшеуі.

Өмір сүру өлшемі,

Жастық, қарттық, кемел үшеуі.

Кемшіндік, жоқшылық мысалы,

Келбет, ақша, бедел үшеуі.

Беймәңгілік белгісі,

Кәрілік, азу, қаусау үшеуі.

Жұмысты тындыру реті,

Білім, қуат, машық үшеуі.

Қандай бір сипаттың ұлығы –

Қырағылық, шапшаңдық,

Алғырлық үшеуі.

Қолдаушы жүйе бастауы –

Күн, ай, мейірім үшеуі.

Қоректік нәрдің негізі,

От пен су, жер үшеуі.

Әрбір істің абзалы,

Ойлау, жасау, қолдау үшеуі.

Ақиқаттың нақты шыңы,

Туу, бар болу, өлу үшеуі.

 

Өзіме жазған өлең

Бат-Амгалан Ганхуяг

Болады бикеш.

Бәрі де болады.

Қоңырқай тірліктің әлегі,

Ойыңды түптесең арылар.

Жабырқау көңіл кірбіңі,

Жүректі нықтасаң айығар.

Бұлыңғыр болашақ сәулесі –

Көңілдің күйімен жарқырар.

Бір шумақ өлең жолдары,

Ой елегімен сап құрар.

Құп болады, бикеш.

Бәрі де құп болады.

Санаңа сепкен сан тұқым,

Гүл болып бүр жарады.

Жүрекке сепкен бір тұқым –

Мейірім, махаббатымен өнеді.

Мақсатпен сепкен тұқымың –

Жетістік боп жапырақ төгеді.

Сенімге сепкен тұқымың,

Өмір боп өсіп өрелі.

Үнемі жақсылық ойла.

Бірақ жамандық барын ұмытпа.

Адал көңілге арқа сүйе,

Бірақ, алдамшы барын нық ұста.

Өзің жалғыз күйзелме,

Бірақ, өзгенің көңілін құлатпа.

Ащы да болса көз жасың,

Кейде дәмін тат, қуаттан.

Көз арқылы әмәнда,

Көңілдің көгі жарды үн кіл.

Қажырлы бол аруым, талапты бол.

Ақылды бол, ару-ау,  алға ұмтыл... 

 

Аударған: Мекеш Тәліпұлы

 

 

 

Пікірлер