2 наурызда АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында «Оскар» сыйлығының жеңімпаздары жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Кешті продюсер, әзілкеш Конан О' Брайен жүргізді. Жеңімпаздар 23 номинация бойынша анықталды. «Анора» фильмі 5 бірдей марапатты иеленіп, кештің басты жеңімпазы атанды. Фильм «Үздік фильм» және «Үздік режиссер» номинацияларында жеңіске жетті.
2025 жылғы "Оскар" сыйлығының жеңімпаздары:
Үздік ер адам рөлі – Эдриан Броуди ("Бруталист")
Үздік екінші пландағы ер адам рөлі – Киран Калкин ("Нағыз ауырсыну")
Үздік екінші пландағы әйел адам рөлі – Зои Салдана ("Эмилия Перес")
Үздік анимациялық фильм – "Ағын"
Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – "Кипарис көлеңкесінде"
Үздік костюмдер – "Зұлым: Батыстың мыстаны туралы ертегі"
Үздік түпнұсқа сценарий – "Анора"
Үздік бейімделген сценарий – "Конклав"
Үздік грим және шаш үлгісі – "Субстанция"
Үздік монтаж – "Анора"
Үздік қоюшы-суретші жұмысы – "Зұлым: Батыстың мыстаны туралы ертегі"
Үздік ән – El Mal ("Эмилия Перес")
Үздік қысқаметражды деректі фильм – "Оркестрдегі жалғыз қыз"
Үздік деректі фильм – "Басқа жер жоқ"
Үздік дыбыс – "Дюна: Екінші бөлім"
Үздік визуалды эффектілер – "Дюна: Екінші бөлім"
Үздік қысқаметражды көркем фильм – "Мен робот емеспін"
Үздік операторлық жұмыс – "Бруталист"
Үздік халықаралық фильм – "Мен әлі де осындамын" (Бразилия)
Үздік саундтрек – "Бруталист".
Айта кетейік, биыл салтанатты марапаттау рәсімі 97-ші рет өтті.