Қырғызстанның экс-президенті өз мәртебесін сақтап отырғаны айтылды

1085
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24kg
Фото: 24kg

Қырғыз Республикасы экс-президентке мәртебесін қайтаруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 24.kg-ға сілтеп.

Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Еділ Байсалов экс-президент Асқар Ақаевтың заң жүзінде экс-президент мәртебесін сақтап отырғанын айтады.

«Заң тұрғысынан алғанда, Асқар Ақайұлының Қырғыз Республикасының экс-президенті атағын сақтап отырғанына еш күмән жоқ. Егер кімде-кім оны осы мәртебеден айырғысы келсе, 2019 жылы тек А.Ш.Атамбаевқа қатысты болған импичмент процедурасы жүргізілуі керек», - деп атап өтті. Сондай-ақ, Байсалов бұл оның жеке пікірі екенін айтты.

Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша, «қазіргі уақытта қоғамдық ресурстарды баяғы оқиғалар мен жағдайлар төңірегінде талқылаулар мен дауларға бұрудың қажеті жоқ. Керісінше күш-жігерді бүгінгі күннің міндеттеріне бағыттаған дұрыс».

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін экс-президент Асқар Ақаев “экс-президент мәртебесін” қайтаруды сұраған болатын. Ақаев Қырғызстанды тәуелсіздіктен 2005 жылы 24 наурыздағы революция нәтижесінде отставкаға кеткенге дейін басқарды.

Пікірлер