Экс-президент Назарбаевтың кіші қызы күйеуімен ажырасты

214
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаева күйеуімен ажырасқаны анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Nege.Aqsha дерегінде, экс-президенттің кіші қызы қаңтар оқиғаларына дейін «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры қызметін атқарған күйеуі Димаш Досановпен ажырасқаны жазылған.

Ал өткен жылы бейресми деректерде Назарбаевтың күйеу баласы Досановтың бұрынғы әйеліне кетті деген қауесет пайда болған. Бүгінде ерлі-зайыптылар ажырасуға және ортақ балалардың тұрғылықты жерін анықтауға өтініш бергенін хабарлайды.

Сот шешімі 2024 жылдың қарашасында заңды күшіне енген. БАҚ-та Әлия Назарбаева үш рет тұрмыста болған.

1998 жылы 18 жасында Әлия Назарбаева экс-президент Асқар Ақаевтың ұлы Айдар Ақаевқа тұрмысқа шыққан болатын. Алайда екі жастың дәм-тұзы жараспай, 2001 жылы ажырасып кеткен.

Әлия Назарбаева Айдар Ақаевпен ажырасқаннан кейін Данияр Хасеновпен отбасын құрды. 2007 жылы Тиара, 2011 жылы Алсара есімді қыздары дүниеге келді.

2015 жылы Димаш Досановқа күйеуге шықты. 2016 жылдың жазында Алдияр есімді ұлын өмірге әкелді.

Пікірлер