Қырғызстанның көк бөрі командасы көшпенділер ойынында чемпион атанды

1277
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қырғызстан көк бөрі командасы дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  

Финалда Қазақстан мен Қырғызстан көк бөрі командалары кездесіп, жеңіс үшін бақ сынасты.

Нәтижесінде 10: 4 ұпаймен Қырғызстан командасы көк бөрі ойындарының «алтын» жүлдесін қанжығалады.

Ал қазақстандық шабандоздар көк бөрі ойындарында күміс жүлдені иеленді.

Айта кетейік, 12 қыркүйек күні ұйымдастырылған көкпарда Қазақстан құрамасы алтынды жеңіп алған еді.

Пікірлер