Нығматулиннің зауытында жұмысшылар ереуілге шықты

1454
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

ТОО «ASIA FERROALLOYS» зауытындағы жұмысшылар жалақыны көтеруді талап етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

2024 жылғы 20 желтоқсан күні кешкі сағат 21:10 шамасында ТОО «ASIA FERROALLOYS» кәсіпорнының №9 цехының шамамен түнгі ауысымның 40 жұмысшысы жалақыны көтеру туралы талаптарын басшылыққа жеткізді. Басшылықтың бұл талапты қабылдамауына байланысты 20 жұмысшы жұмысын тоқтатып, наразылық білдірген.

Оқиға орнына жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарының өкілдері келіп, жұмысшылармен келіссөздер жүргізгенін хабарлады. Жұмысшылар арнайы бастамашыл топ құрып, басшылыққа жазбаша өтініш дайындауды ұсынды. Топ мүшелері жалақыны 50%-ға көтеру туралы талап жазылған хат дайындап, оны ресми түрде тіркеді.

Ал кәсіпорын басшылығы дүйсенбі күні ресми жауап беруге уәде етті. Осыдан кейін жұмысшылар зауыт аумағынан шығып, ауысымға жауапты қызметкерлер жұмыстарына қайта кірісті.

21 желтоқсанда таңертең жағдай қайталанды. Сағат 08:00-де №9 цехтың бірінші ауысымы жұмысын бастады, алайда аз уақыт өткен соң 35 қызметкер жұмысты жалғастырудан бас тартып, хатқа жауап күту үшін үйлеріне қайтты.

Бұл жағдай зауыттың басқа бөлімшелерінің жұмысына әсер еткен жоқ, ал қоғамдық тәртіп зауыт аумағында сақталып отыр. Кәсіпорын басшылығы мәселені шешу жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 2 қыркүйегіндегі жолдауында Нығматулиндерге қатаң ескерту жасаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 20 шілдеде YDD Corporation ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай орын алған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер