"Әкемнің кім екенін білесің бе?" Желіде қыздың ерсі әрекеті түсірілген бейне тарап кетті

1440
Adyrna.kz Telegram
Фото: Видеодан алынған
Фото: Видеодан алынған

Әлеуметтік желіде қыз баланың дөрекі әрекеті түскен бейне тарап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы inbusiness.kz сайты жариялады.

Оқиға шілде айында болған. Түн ішінде жігіт пен қыз көшеде жүрген. Тараған бейнеде бойжеткен әкесінің Қарасай ауданының басшысы екенін айтып, айғайлай бастағанын байқауға болады.

"Сен менің әкемнің кім екенін білесің бе? Қарасай ауданының бастығы. Аудандық ішкі істер басқармасы", - деп бойжеткен айғайға басқан.

Алматы облыстық полиция департаменті видеодағы жайтқа түсінік берді. Қыздың айтқанын да өтірік деген тұжырым жасады.

"Бұл жағдай Алматы облысы аумағында болған жоқ. Сонымен қатар, бейнежазбадағы қыздың сөздері шындыққа жанаспайды. Ол аудандық полиция басқармасы бастығының қызы емес, оның балаларының ең үлкені небәрі 7 жаста", - деді Алматы облысы ПД бөлім басшысы Ернар Сайдильдин.

Ал кейіннен видео Алматы қаласы көшелерінің бірінде түсірілгені анықталды.

"Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушыларға ҚР заңнамасына сәйкес шара қабылдады. Оларға қатысты қоғамдық орында мас күйінде жүру және тыныштықты бұзу деректері бойынша әкімшілік материалдар жиналды. Мас ер адам медициналық айықтырғышқа жеткізілді", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Пікірлер