Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева өмірден өтті

1367
Adyrna.kz Telegram

ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева өмірден өтті. Қаралы хабарды Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Бүгін әріптесіміз, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаеваның өмірден озғаны туралы қаралы хабарды естіп, қабырғамыз қайысып отыр. Ол білім жүйесін жетілдіруге және балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға ерекше үлес қосты. Орны толмас өкініш. Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамын", – деп жазды министр.

Наталья Жұмаділдаева еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі болып бастап, әр жылдары мектеп директоры, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, кейін Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментінің басшысы болды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер