Абай облысының Аягөз әскери бөлімінде Саламат Сәбитов есімді 18 жастағы мерзімдегі сарбаз менингиттен қайтыс болды. Бұл туралы құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Сарбаз 25 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылған.
17 мамырда Аягөз қаласының орталық аудандық ауруханасына емделуге жіберілген. Келесі күні сарбаздың жағдайы күрт нашарлаған. Әскери қызметкер 19 мамырда қайтыс болған.
Туыстарының айтуынша, оны әскерилер ауруы туралы анықтамасына қарамастан әскерге алып кеткен.
"Ол әскерге жарамсыз болды. Қолымызда анықтама да болды. Саламаттың омыртқасы ауырған. Көзінде де мәселелер болды. Бұған қарамастан, оны танк бөліміне қызмет етуге жіберді. Ол бір апта ауруханада жатты. Жағдайы қалай нашарлады, ата-анасын шақырды", – деді оның туыстары.
Саламаттың анасының айтуынша, басында әскерилер егер баласын жібермесе миллиондаған айыппұл төлейтінін айтып бопсалаған.
"22 сәуірде екі қызметкер
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.