«Өзара келістік». Шерзат ісі бойынша басты айыпталушы Абзал Шынасылдан жауап алынды

3383
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 21 мамыр күні Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың сотында негізгі айыпталушы Абзал Шынасылдан жауап алу басталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол сот отырысында өзін фото-видеоға түсіруге қарсылық білдірмеді.

Айыпталушы төбелеске қатысқандардың тергеу алдында өзара келісімге келгендерін жеткізді.

«Қылмысты мойныма алған себебім бар. Талғарда полиция басқармасында болғанда тергеушілер "бір адам істеді, бір адам мойнына алсын. Әйтпесе, бәріңе қиын болады. Ұйымдасқан қылмыстық топ ретінде кетесіңдер" деді. Сонымен бізді Қонаев қаласына кезек-кезегімен алып кететін болды. Газельмен алып кетіп бара жатқанда Равиль Сакиев, Шыңғыс Белғожаев, Азамат Тоқтаубаев төртеуіміз сөйлестік. Сол кезде Равиль Сакиев "бұны біреу істеді, мойындасын. Әйтпесе бәрімізге қиын болады" деп айтты. Сол кезде менде пышақ болғаннан кейін, өзімді қылмыс жасамадым деп, жасырғандай болмайын дедім. Іштей мен алсам, ала салайын деген ой болды. Қапшағайдағы тергеу изоляторына апармай тұрып, басымыз қосылып, сөйлесіп үлгеріп қалдық. Мұнда тағы Нұрбол Тоқтаубаев маған "сенде пышақ болды ғой" дегенде, мен оған "Шерзатты, мен мойныма аламын" деп бірден айттым. Ал Нұрқанаттың жамбасына тығылған пышақты Шыңғыс тықты деп келіскен дедік. Полиция департаментінде де осы келіскендегідей айтып бердік. Тергеушіге де осылай айттым»,– деді Шынасыл.

Ал Шерзатқа нақты кімнің пышақ салғанын білмейтінін жеткізді. Сондай-ақ ол Нұрқанат Ғайыпбаевқа пышақ ұрғанын мойындады.

«Барсам екпетінен жатты. Құймышағы ашық жатыр екен. Содан пышақты екі-үш сантиметр етіп ұстап, жамбасынан ұрып жібердім. Бәрі кеттік-кеттік деді, сосын кетіп қалдық»,– деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер