Семей орманы резерватынан тағы да өрт шықты

1544
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

1 тамыз күні Абай ауданындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватынан тағы да өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, өртенген аумақ – 7 гектар. Оның ішінде орманмен қамтылғаны — 1,06 га.

«Семей Орманы» МОТР операторынан орман жабындысы бар аймақта дақылдар өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жаңа алгоритмнің, жерүсті күштері мен құралдарынының жедел әрекетінің, сондай-ақ әуе патрульдерін жүргізудің арқасында өрт 7 га аумақта оқшауланды», - деп жазды ТЖМ.

Өрт орнына орман шаруашылығынан, облыстық ТЖД-дан 60 адам, 25 бірлік техника және 2 пилотсыз ұшу аппараты, «Қазавиаорманқорғау» АҚ МИ-2 тікұшағы жұмылдырылды.

«Абай облысында ыстық және құрғақ ауа райы сақталуда, ормандардың өрт қауіпсіздігі мониторингі облыстық ТЖД ерекше бақылауында», - делінген ақпаратта.

Жалын түнде ауыздықталды.

Еске саласақ, былтыр Абай облысындағы алапат өрт кезінде 14 адам қаза тапқан болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер