Абхазияда өрттен бес бала қайтыс болып, аза тұту күні жарияланды

1307
Adyrna.kz Telegram
Фото: gosarchive.apsny.land
Фото: gosarchive.apsny.land

Абхазияда өрт салдарынан бес бала қайтыс болды. Қайғылы жағдайға байланысты 6 қаңтар республикада аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Абхазияның Гал ауданына қарасты Папынырхуа (Саберио) ауылында бір үйдің бес қызы өрттен көз жұмды.

"Әже үйде балалармен жалғыз болған. Таңертең пешті жағуға әрекеттеніп, бензин мен дизель отынын шатастырып алған. Соның салдарынан өрт тұтанып, ағаш үй лезде жалынға оранған. Сол уақытта жасы бір жарым мен сегіз аралығындағы бес бала ұйықтап жатқан. Оларды құтқарып үлгеру мүмкін болмады," – деп түсініктеме берді Абхазияның төтенше жағдайлар министрлігінің Гал бөлімшесі.

Абхазияның президент міндетін атқарушы Бадра Гунба қайтыс болған қыздардың отбасына қажетті көмек көрсетуді және оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін мұқият тергеу жүргізуді тапсырды.

Кейіннен Гунба арнайы жарлық шығарып, 6 қаңтарды республикада аза тұту күні деп жариялады. Барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тулар төмен түсіріледі, мәдени мекемелерде, теледидар мен радиода ойын-сауық бағдарламалары мен хабарлар тоқтатылады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер