Семей орманы резерватынан тағы да өрт шықты

2363
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/c5a7800e-478f-4648-8579-1576888ab862.jpeg

1 тамыз күні Абай ауданындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватынан тағы да өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, өртенген аумақ – 7 гектар. Оның ішінде орманмен қамтылғаны — 1,06 га. «Семей Орманы» МОТР операторынан орман жабындысы бар аймақта дақылдар өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жаңа алгоритмнің, жерүсті күштері мен құралдарынының жедел әрекетінің, сондай-ақ әуе патрульдерін жүргізудің арқасында өрт 7 га аумақта оқшауланды», - деп жазды ТЖМ. Өрт орнына орман шаруашылығынан, облыстық ТЖД-дан 60 адам, 25 бірлік техника және 2 пилотсыз ұшу аппараты, «Қазавиаорманқорғау» АҚ МИ-2 тікұшағы жұмылдырылды. «Абай облысында ыстық және құрғақ ауа райы сақталуда, ормандардың өрт қауіпсіздігі мониторингі облыстық ТЖД ерекше бақылауында», - делінген ақпаратта. Жалын түнде ауыздықталды. Еске саласақ, былтыр Абай облысындағы алапат өрт кезінде 14 адам қаза тапқан болатын.
Comments