Бала болашағына қызмет ететін рухани кітап

1286
Adyrna.kz Telegram

Әдебиет ұлтқа қызмет етеді. Ал әрбір ұлттың болашағы,  ертеңі – бала. Баласыз қоғам өспейді, баласыз ұрпақ жалғасы болмайды. Ұрпақ жалғасы болмаса, ұлттың ертеңі бұлыңғыр болмақ. Бала тәрбиесі қиындығы мен қызығы мол игіліктердің бірі болса, балалар әдебиеті - сол болашаққа бағыт беретін рухани қазына.

Балалар әдебиеті   - әдебиеттің іргелі саласы.  Тілге жеңіл, жүрекке жылы, бала ұғымына қонымды шығарманы жазу қандай қиын болса, сол нәзік саланың сыншысы болу да  -  қиынның қиыны.

...Қолыма кітап алдым. Белгілі сыншы, профессор Құлбек Ергөбектің «Адамның бір қызығы бала деген...» еңбегі адамға ой салатын, балалар әдебиетінің тарихын алыстан арғыға, кешегіден ертеңгі күнге жетелейтін ауқымды кітап екен.

Жалпы Ергөбек Құлбек есімі қазақ әдебиетін сүйер қауымға ғана емес, алыс-жақын шартараптың рухани ғылыми ортасы на кеңінен таныс. Ал «Адамның бір қызығы бала деген...» еңбегі есті адамды ойландыратын, терең ойды толғандыратын, келешектің тірегі болар балалар әдебиетінің және  балалар әдебиеті сынының дамуы  қалай деген сауалға жауап береді.

Кітапта автордың әр жылдары шыққан жинақтарға деген сын мақалаларымен бірге қазақ балалар әдебиетінің жауһар қазыналарын әдеби тұрғыдан талдаған еңбектері кіріктірілген.

Кітаптың әрбір бөлімі де мазмұнына сай.

Балалар әдебиетінің белгілі сыншысы, жазушы Құлбек Сәрсенұлының «Адамның бір қызығы бала деген...» атты еңбегі мемлекеттік деңгейдегі биік марапаттарға әбден лайық еңбектердің бірі деп ойлаймын.  Бұл еңбек бала болашағына қызмет етеді.

Арай Жүндібаева, әдебиет сыншысы, филология ғылымдарының PhD докторы, филология ғылымдары бойынша халықаралық ғылыми эксперт

 

Пікірлер