Майқайың кенішіндегі апат. Сот шешімі шықты

1065
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Павлодар облысында шұңқырға құлап кеткен автобус апатына «Майқайыңалтын» кен орны кінәлі екені расталды. Бұл туралы бүгін, 30 шілдеде Астана қалалық сотының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Астана мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 16 сәуірдегі шешімін өзгеріссіз қалдырды. Жазатайым оқиға жұмыс уақытында «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС қызметкерлерінің еңбек міндеттерін орындау кезінде болған. Актімен жұмыс берушінің кінәсі 100 пайыз анықталды»,—делінген хабарламада.

Алайда «Майқайыңалтын» АҚ жазатайым оқиғада өзінің кінәсін жоққа шығарып, бұл актіні даулаған.

Жазатайым оқиға «Майқайыңалтын» қауіпті өндірістік объектісінде технологиялық жолдың жоғарғы қабатының шахтаның тазарту кеңістігіне құлауы және «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС құтқарушыларымен бірге автобустың құлауы салдарынан болғаны анықталды.

Сот арнайы комиссия актіде «Майқайыңалтын» кен орнының 100% кінәсін негізді түрде көрсетті деген қорытындыға келді, өйткені болған жазатайым оқиға талапкердің өндірістік қызметімен тікелей байланысты болып отыр»,—делінген хабарламада.

Елорда соттары арнайы тергеу актісінің даулы қорытындылары заңды және негізді деп тапты, ал «Майқайыңалтын»талабы қанағаттандырылмады.

Еске салайық, биыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» компаниясы кенішінің шұңқырына автобус құлаған болатын. Салдарынан 4 құтқарушы қаза тапты.

Пікірлер