«Ертіс орманы» басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

959
Adyrna.kz Telegram
Сурет: extxe.com
Сурет: extxe.com

26 шілдеде Экология және табиғи ресурстар министрлігінде «Ертіс  орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты іс бойынша ұсыныстар қаралды. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Резерваттың бас директоры басшылық еткен қылмыстық топ ағашты технологиялық және отын ағашының түрінде заңсыз сату арқылы аса ірі мөлшерде орман ағашын жымқырды деп күдіктеліп отыр. Қылмыстық әрекет нәтижесінде мемлекетке 150 млн теңгеден астам сомада залал келтірілді. Қазіргі таңда ҰҚТ қатысушылары қамауда. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Жұмыс жалғасады»,— делінген хабарламада.

Бұған дейін «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты басшысы Арман Бектеміровтің пара алды деген күдікке ілінгенін жазған едік.

Пікірлер