Депутат Дәулет Мұқаевтың анасы өмірден өтті

2177
Adyrna.kz Telegram
Фото: Дана Нұржігіттің парақшасынан
Фото: Дана Нұржігіттің парақшасынан

Депутат Дәулет Мұқаевтың анасы өмірден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі жазбасында жариялады.

"Дәулетжан, айналайын! Кеше ғана сөйлесіп, жағдайыңды біліп отырған едім. Күлекеңнің денсаулығы оңалып келе жатыр ма деп,ең болмаса жылтыраған үміт бар ма деп едім… қайтейін?! Тағдыр басқалай болды. Ерсің бе, әйелсің бе, жассың ба, кәрісің бе, хан бол, қара бол Ананың орны бәрінен биік, бәрінен бөлек, бәрінен ерек.Күлекең мен Төлеутай әкеңді сонау “көшбасшыға” өзіңе жанкүйер болып студияға келіп жүрген кезінен білем ғой. Баласы үшін құрақ ұшқан ата-ана. Құдай берген ұл-қызына бәрін сарқып берген жанкешті адамдар. Қарапайым қазақ. Күлекең мейірбике, Төлеутай әкей сол ауруханада ұста. Екі баланы жеткізіп, Семейден Астанаға көшіп келіп, енді құлашын кеңге жайып, немересін мейірлене сүйіп отыратын кезде… қап,қап!

Төкеңе қайғырып көңіл айтамын! Жарасып өмір сүрген жұбынан қапыда айырылу жан азабының ең ауыры. Дәуке,Лаура, Арука, туған-туыс,дос бауырға қайғыра көңіл айтамын! Сабыр…", – деп жазды журналист.

Айта кетейік, Дәулет Мұқаев VIII сайланған Парламент мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер