Мәжіліс депутаты Шаталов әлеуметтік желілерде сынға ұшырағанын айтты

1151
Adyrna.kz Telegram

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Аманат» партиясының мүшесі Никита Шаталов әлеуметтік желілерде қазақстандық пайдаланушылардың сынына тап болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Депутаттың айтуынша, бұл сын оның этникалық тегімен байланысты.

«Өкінішке қарай, мұндай пікірлердің пайда болуын тек менің этникалық орыс екендігіммен байланыстыруға тура келеді. Басқа ешқандай себебі жоқ», – деді Шаталов Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұхбатында.

Депутат өзінің барлық қоғамдық және сыртқы саясатқа қатысты мәлімдемелерінде Қазақстанның ұлттық мүддесін бірінші орынға қоятынын атап өтті. Сонымен қатар, ол кейбір азаматтардың ақпаратты бұрмалап, оған тиесілі емес дәйексөздерді таратып жатқанын айтты.

Айта кетейік, ақпан айында Шаталов Telegram-арнасында Украина билігін Каспий құбыр консорциумына дрон арқылы шабуыл жасағаны үшін сынға алған болатын. Ол бұл әрекетті Қазақстанның экономикалық мүдделеріне қарсы жасалған агрессия деп бағалап, украин тарапын жауапқа тарту қажеттігін мәлімдеді. Оның айтуынша, консорциум арқылы өтетін мұнайдың 90%-ы – Қазақстанға тиесілі.

Бұдан бөлек, депутат Украина президенті Владимир Зеленскийдің АҚШ президенті Дональд Трамппен Ақ үйдегі кездесуіне қатысты да сын айтқан. Оның пікірінше, Ресей Украинаның бейбітшілік орнату мәселесінде «көп келісімге келуге дайын екенін» бастапқыда-ақ көрсеткен.

Шаталовқа қатысты сын әлеуметтік желілерде оның осы мәлімдемелерінен кейін күшейген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер