Қазіргі заман мәдениетінің негізін құратын жетекші форма – ғылым мен білім. Ғылымның жетістігі бүгінде адамзат өмірін айтарлықтай жеңілдетті. Осынау ғылым мен технологияның дамыған заманында мұны пайдаланбау, мұның көмегіне жүгінбеу қате.
Қазақстандағы ғылым мен техниканың дамуы
Соңғы жылдары Қазақстан ғылым мен техника саласында айтарлықтай жетістіктерге жетті.Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетін дамытуға үлкен көңіл бөлуде. Үкімет ғылыми инфрақұрылымды жаңғыртуға, инновацияларды қолдауға және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға бағытталған бірқатар бастамалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруда.
Ғылыми мекемелер мен инфрақұрылым
Қазақстанда 200-ден астам ғылыми-зерттеу институттары, ұлттық зерттеу университеті мәртебесіне ие 13 университет, 12 технопарк бар. Ең ірі ғылыми орталықтар:
Қазақстан ғылым мен техника саласында халықаралық ғылыми ұйымдармен және елдермен белсенді ынтымақтастықта. Ел ЮНЕСКО, ЭЫДҰ, Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше. Қазақстан ғылым мен технологияға инвестиция салуды жалғастырып, осы салада аймақтық көшбасшы болуға ұмтылуда. Ел ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды ұлғайтуды, инфрақұрылым мен адами капиталды дамытуды, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі еліміздің ғылыми тарихына көз жүгіртсек.
Елдегі осындай сияқты ғылымның әр түрлі саласындағы жарқын жетістіктерімізді айта берсек өте көп! Осы нақты салалардан басқа ғылым әлеуметтік ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар және өнер сияқты салаларда да дамыды. Ғылым мен технологияның білімнің басқа салаларымен интеграциясы әлем туралы түсінігімізді өзгертетін және өмірімізді жақсартатын жаңа идеялар мен инновацияларға әкеледі.
Соңғы кезде жұртты су жаңа технологиямен таңғалдырып жүрген, көпке Rainman есімімен танымал Алтай Айнабек Аралды ылғалдандыру үшін жасанды жаңбыр жауғызып жүр. Сонымен қатар бұның әсері тек Аралға емес, басқа облыстардыңда климатын ауыстырып, жазғы аптап ыстықтың орнын жаңбырмен алмастырғаны бар. Жаңа технологияның қыр сырын ашып жүрген ғалым әлемдік климаттың өзгеріп, қуаңшылықтың жайлап бара жатқанына алаңдаулы. «БҰҰ-ның мәліметінше әлемде 2,5 млрд адам су тапшылығын көріп отыр. Мұздықтардың жоқ болып кетуі, қуаңшылық, жаһандық жылыну бұның бәріне өзіміз куә болып отырмыз. Адамдар, жан жануарлар қиналуда, температура өсіп жатыр. Мұны шешудің жолы біз басқа климатты өзгертуге қарсы жаңа технологияны енгізуіміз керек.» дейді ғалым Алтай Айнабек
Ғылымның дамуы – климаттың өзгеруі, ресурстардың тапшылығы және ауру сияқты жаһандық проблемаларды шешуде маңызды рөл атқарады. Ғылыми зерттеулер бізге осы қиындықтарды түсінуге және оларды жеңу үшін инновациялық шешімдерді әзірлеуге көмектеседі.
Ғылым мен білімге инвестиция салу болашақ прогресс пен өркендеуді қамтамасыз ету үшін маңызды. Ғылыми зерттеулерді қолдау және ғалымдардың жаңа буынын дайындау бізге ғылымды одан әрі ілгерілетуге және оның әлемді жақсарту үшін әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді.
Айгүл Мұратқызы
”Адырна” ұлттық порталы