Әр азаматтан 10-15% жинап отыру – заңдастырылған тонау

2927
Adyrna.kz Telegram

Елімізде зейнетақы аударымдарының жаңа ережелері қабылданып, Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап әр қызметкердің жеке зейнетақы шотына ай сайын жалақының 15 пайызы аударылып отырады. Яғни әр жұмыс беруші қызметкердің 10 пайыздық міндетті зейнетақы жарнасынан бөлек, өз қаражаты есебінен 5 пайыз зейнетақы жарнасын аударуға міндетті.

Ең қызығы, дәл осы 5 процент зейнетақы жарнасы жеке тұлғалардың меншігі болып саналмайды. Тіпті қайтыс болғаннан кейін де мұраға қалдырылмайды. Қаражат бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активінде болады. Және зейнеткерлер арасында қайта бөлінеді. Мамандар бұл жаңашылдықты енгізбес бұрын әлемнің үздік тәжірибелеріне сүйенгенін айтады.

Әр азаматтан 10-15 пайыз жинап отыру – бұл заңдастырылған тонаудың бір түрі

Расул Жұмалы, саясаттанушы:
Зейнетақы қорының бірден-бір мақсаты – ол зейнет жасына келгенде азаматтың өзін-өзі асырау мүмкіндігі. Қазіргі шығындарға қарағанда зейнеткерлікке шыққанда ол ақша қазақстандықтарға жетпейтін сыңайлы. Әйтеуір әрқайсымыз зейнетақы қорын толтыруын толтырамыз. Оған бізді мәжбүрлеп қойған. Бірақ сол ақшаны азаматтарға  қайтаруға келгенде күмән, күдік өте зор. Ал әр азаматтан 10-15 пайызын жинап отыру – бұл заңдастырылған тонаудың бір түрі. Жаңа бір салықтың түрі. Салық төленеді, бірақ қайтарымын біз көрмейміз. Бұл тағы да өз былықтарын, жыртықтарын жамаудың тәсілі. Өз олқылықтарын өздерінен көрмейді, оның есебін өтеуге қоғамды жүктеп қояды. Сол баяғы жыртықтарын жамау керек, оған өздерінің қаражаты жоқ.
Сол үшін қайтадан халықтың есебінен сол бес пайыз арқылы алып отырады. Білуімше, бес пайыз төлем азаматтардың жеке өзінен емес, жұмысқа қабылдаушы кәсіпорындардан, орта және шағын бизнес мекемелеріне жүктелген. Бірақ онсыз да әрең күн көріп отырған олар қазіргі аянышты жағдайынан бетер үлкен дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Тіпті кейбіреуі мүлдем жабылады. Сөйтіп жұмыссыздықты одан әрі көбейтеді. Бұл қайтадан әлеуметтік қиындықтарға алып келеді. Қазір әлемдік экономикалық дағдарысқа еніп отырмыз, осындай сапасыз шешімдердің нәтижесіне сол жағдайға келуіміз әбден ықтимал.

ÐÐµÐ½Ð¸Ñ ÐÑÑвеÑеев

Жинап жатқан зейнетақымызға кейін жете де алмай қалатын сияқтымыз

Денис Кривошеев, блогер:
Зейнетақы жүйесі әрқашан болған. Бірақ өмірдің басынан аяғына жоспарлау құралы ретінде кеңестік заманда құрылды. Ол жинақтаушы болмады, қимыл-әрекетке орын жоқ еді, сол замандағыдай барлығы теңестірілген, дифференциалды болды. Біріккен зейнетақы тап осы уақыттағы шығындарды өтеуге тиімді болатын, ал жинақтаушы зейнетақы қоры инфляция, басқарылмайтын дефолт сияқты басқа да факторларға тәуелді. Ол әсіресе тұрақсыз, дамушы экономикалар үшін қауіпті. Қосымша пайызға келер болсақ, ол күтілген нәрсе еді. Халықтың өмір сүру ұзақтығы өсіп жатыр, ал зейнақымен қамтамасыз етуге ақша жеткіліксіз, инфляция жеп жатыр. Қазіргі біздің жинап жатқан зейнетақымызға кейін жете де алмай қалатын сияқтымыз.
Менің пікірім өзгерген жоқ, біздікіндей шағын, осал экономикалар үшін жалғыз шешім - біріккен зейнетақы қоры. Ал қартайғанда жақсы өмір сұремін деушілер үшін жеке, сақтандырылған және индексацияланатын қорлар жақсы шешім болмақ.
ÒÑандÑÒ ÐµÑенÒазÑ

Есенғазы Қуандық, Тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Саясаттану негіздері» кітабының авторы:
Жалпы кез-келген заң адамға қызмет ету керек. Жақсы өмір сүруі үшін оны қамтамасыз етуі қажет. Ал біздің мемлекетте бұл басқаша. Бюджеттегі ақша азайды, жер-көктен алатын ақша жоқ. Соның орнын толтыруды бес пайыз өсіммен қарастырып отыр деп ойлаймын. Бұл халыққа жасап отырған зорлық, заңсыз нәрсе. Бұл жерде ешқандай негіз жоқ.
Былайша айтқанда, қолдарындағы биліктерін пайдаланып халыққа зорлық жасап отыр. Бұл ешқандай пайда әкелмейді. Қазір зейнетақыны төлеп жатыр, бірақ ертең оның қызығын қай уақытта көреді. Ертең ол адам өліп қалса ше? Сондықтан бұл барып тұрған биліктің әлсіздігі, қателігі, халықты ойламайтындығын көрсетеді. Өзім қарсымын. Негізі зейнетақы керек емес нәрсе. Әйтпесе мұның халыққа бір тиынның да пайдасы жоқ.

ÐÑлан СаиÑов

Зейнетақы төлемінің мөлшері 5 пайызға өсуіне қарсымын

Ерлан Саиров, саясаттанушы:
Мемлекет басқа елдерге қарап осындай шешім шығарған болуы керек. Негізі бәсекелестік жасаған дұрыс. Бірақ бұл жұмыс асығыстықтан жасалынып отыр. Салымшылар салған ақшасын күнделікті көріп отыратындай етіп ойластыру керек. Өз басым зейнетақы төлемінің мөлшері 5 пайызға өсуіне қарсымын. Халыққа бұл жүйе қолайсыз. Пайызды көбейтпей, керісінше салымдардың пайдасының көбейгенін қарастыру керек. Салымның өзінің оңтайлығын жасаған жөн. Зейнетақыға салған салымын көптеген адамдар жасы жетпей алып жатыр, дегенмен бұл жүйеде әділеттілік керек. Одан да салымның төлем пайызын көбейтпей, керісінше зейнетақының өсуін қарастыру керек.

Дереккөз: Stan.kz,Анар ДӘУКЕН.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер