Атырауда аққу, үйрек, қарғалар қырылып жатыр

1653
Adyrna.kz Telegram
Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Атырау қаласының маңында құстардың өлекселелері табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Виктор Сутягиннің желіде жүктеген бейнесінде мұнайлы шаһарда аққу мен үйрек, қарға өліп жатыр.

«Экологиялық төтенше оқиға ма? 20 шілдеде Атырау қаласының ағынды сулары мен Атырау мұнай өңдеу зауытының қалдықтары ағызылатын элеватордың артындағы «Тухлая балка» – құстар көп болатын жер. Ал мынау өліп жатқан аққу, үйрек, қарғаның балапандары жалғыз жүзіп жүр... Экологтардан «Не болды, не болып жатыр?» деп сұрайын дегенім... Олар жауап бере ме екен? Таныс аңшылар «Бұл жерде қандай да бір жергілікті дренаж немесе қоқыс тасталған» деп есептейді», - деп хабарлады видео авторы Виктор Сутягин.

Алайда бұл ақпаратқа қатысты ресми органдар ешқандай пікір білдірген жоқ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер