"Ағаш ұрлады" деген күдікке ілінгендер мен "Семей орманы" филиалының басшысы ұсталды

1633
Adyrna.kz Telegram
Фото: Caravan.kz
Фото: Caravan.kz

“Семей орманы” филиалдарының бірінде "ағаш ұрлады" деген күдікке ілінгендер ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеп.

9 шілде күні Абай облысының аумағында ІІМ және ҰҚК жедел уәкілдері прокуратураның үйлестіруімен “Семей орманы” мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалдарының бірінен ағаш ұрлаған қылмыстық топ ұсталды. Қылмыскерлердің филиал директорының басшылығымен әрекет еткені анықталды.

“Орманды жымқырды деген күдікпен полицияға 20-дан астам адам жеткізілді. Тінту жүргізіліп, ұрланған ағаштардың ондаған текше метрі, ағаш өңдеу станоктары, ақша және құжаттар тәркіленді. Филиал директоры мен қылмысқа қатысушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі.

Күдіктілердің лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, мүлікті жымқыру фактілеріне қатысы бар-жоғы тексерілмек.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер