Ішкі өндіріс пен өнеркәсіп неге өспейді? – Сенат төрағасының мойындауы

1536
Adyrna.kz Telegram

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлттық қордың негізгі мәселелеріне тоқталып өтті. Бұл туралы ол  «Талдау мектебінің» үшінші буыны әзірлеген Қазақстанның орнықты дамуына арналған сараптамалық жинақтың таныстырылымында Ұлттық қор ақшасын үздіксіз пайдаланудың экономикаға әсері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Біз табысымыздан екі есе көп ақша жұмсаймыз. Қосымша қаражат қайдан келеді? Ұлттық қордан және борыштардан. Осы шығындардың әсерінен инфляция мен бағаны асқындырып жатырмыз. Сәйкесінше, Ұлттық банк те пайыздық мөлшерлемені көтеріп отыр. Бұл елдегі кәсіпкерлікті шектеп, экономиканың дамуын тежейді», - деді Сенат спикері.

Мәулен Әшімбаев Ұлттық қорға түскен доллардың бір бөлігін ай сайын теңге бағамын тұрақтандыру үшін сатуға тура келіп отырғанын да еске салды.

«Проблеманың екінші бөлігі бар. Оның салдары тіптен салмақты болуы мүмкін. Бюджетке трансферт бөлу үшін ішкі валюта нарығына Ұлттық қордан доллар сату керек. Тағы да сұраныс пен ұсыныс заңы іске қосылады. Осылайша теңгенің бағасын қолдан өсіріп отырмыз. Бұл жаман емес шығар. Бірақ оның тиімділігі қандай? Артық бағаланған теңге деген – қымбат экспорт, арзан импорт. Яғни, біздің тауар өндірушілер Қытай мен Ресейдің, Түркияның өндірушілеріне қарағанда тиімсіз жағдайда қалады деген сөз. Бағадан ұтылып жатқандықтан ішкі өндіріс пен өнеркәсіп өспейді», - деді Сенат төрағасы.

Пікірлер