Адам шығыны бар. Семейдегі тас жолда ауыр жол апаты болды

1263
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/whatsapp-image-2025-04-10-at-17.28.01-960x500.jpeg?token=9420b332f1607fe621131b19b7863488
10 сәуір күні таңғы уақытта Абай облысында адам өлімімен аяқталған ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Облыстық полицияның мәліметінше, таңғы сағат 6 шамасында 33 жастағы Volkswagen Passat көлігінің жүргізушісі Семей қаласынан Бородулиха ауылына қарай бағыт алған. Алайда жолдың 16-шақырымында рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне ұшып кеткен. Автокөлік орман алқабындағы ағаштарға соғылып, қатты соққы салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. «Апат салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген полиция таратқан ресми мәліметте. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сараптамалар тағайындалған.
Комментарии