Техникалық ақау ма? Апатқа ұшыраған президент тікұшағына 40 жылдан асқан

1615
Adyrna.kz Telegram
Фото: ИРНА
Фото: ИРНА

Иран президенті соңғы рет отырған тікұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы IRNA-ға сілтеп.

Тікұшақтың 1979 жылғы Ислам революциясына дейін сатып алынған болуы мүмкін екені белгілі болды. Сарапшылар атап өткендей, құлаған америкалық Bell 212 тікұшағына 40 жылдан асқан.

Мамандардың айтуынша, техника бұған дейін өзінің беріктігін көрсетіп келген. Алайда БАҚ мәліметінше, Тегеран режимінің ондаған жылдар бойы батыстық санкцияларға ұшыраған және тікұшаққа дұрыс техникалық қызмет көрсетуге кепілдік беру қиын болған.

Ұшақтың апатқа ұшырауына 19 мамырда болған қатты тұман мен найзағай бақылауға кедергі келтіруі, Иранның солтүстік-батысында, елдің Әзірбайжан шекарасынан 20 шақырым жерде тікұшақ апатына ықпал еткен болуы мүмкін екені де айтылды.

Иранның жергілікті басылымдарында президент сапарлары үшін әдетте өзге тікұшақтардың таңдалатыны да хабарланған.

«Әдетте, Раисидің сапарлары үшін тікұшақтар Ресейде жасалған үлгілерден таңдалды, ал Тебризге бару үшін 45 жыл бұрын құрастырылған американдық тікұшақ алынған. Ал ұшқыштар революциялық сақшылар корпусынан бекітілген", - делінген Иранның жергілікті басылымдарында.

Тікұшақ стандартты GPRS және транспондерлерді қоса алғанда үш түрлі бақылау жүйесімен жабдықталған болса да апатқа ұшыраған тікұшақтың орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған. Түрік билігі тікұшақты анықтау жүйесі өшірілген немесе мүлдем болғанын, тікұшақтан сигнал болмағанын атап өтті.

Сондай-ақ ирандық дереккөздің хабарлауынша, жолаушылар құрамы тікұшақ әуеге көтерілер алдында өзгертілген.

«Сыртқы істер министрі Абдоллахиан мен Табриз губернаторы Малик Рахмети №2 тікұшақта ұшуы керек еді, бірақ соңғы сәтте олармен бірге Тебриз имамы Мұхаммед әл-Хашем де ұшаққа отырғызылған», - деп жазады Turkiye агенттігі.

 

Пікірлер