«Терроризмді насихаттады». Ресейде ұсталған қазақстандық студентті СІМ тексеруде

1135
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/9d2ed5dd-8a5e-467d-a6e6-c6781d9b7690-960x500.jpeg?token=d372859418e829dfdbcf1ec1f7726d06

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейде “терроризмді насихаттады және ақтады” деген айыппен ұсталған қазақстандық студентке қатысты ақпаратты тексеріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұған дейін Санкт-Петербургтегі РФ Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы шетелдік студенттің ұсталғаны жөнінде ақпарат таратты. Басқарма ұсталған адамның азаматтығын нақтыламағанымен, оған РФ ҚК 205.2-бабының 2-бөлігі («террористік әрекетті жария түрде ақтау және насихаттау») бойынша айып тағылып отырғанын хабарлады. 

Тергеу органдарының айтуынша, ұсталған студент қаңтар-ақпан айларында "Жұмысшылар билігі" ұйымының съезінде "терроризмді ақтайтын ұрандар" көтерген. Тінту кезінде одан "пропагандистік әдебиет" тәркіленген. Ведомство шетел студентінің қай елден келгенін айтпады.

"Ротонда" сайтының жазуынша, ұсталған адамның аты-жөні – Гарри Азарян, 23 жаста, Қазақстан азаматы. Құқық қорғаушылардың дерегіне сүйенген күштік құрылым өкілдері студенттер Олег Рубиш, Ирада Ибрагимова,

Денис Коваль және Кириллдің (тегін айтқан жоқ) пәтерлерін тінткен. Соңғы аталған адамның соққыға жығылғаны да хабарланды.

Ақпаратқа қарағанда, Азарян студенттердің бейресми жиынында “революция, таптық жеккөрушілік, көшенің күші” туралы айтқан. Тергеушілер оның бұл сөзінен мемлекеттік құрылымды күштеп өзгерту мен билікті ауыстыруға шақыру белгілерін көрген.

"Жұмысшылар билігі" ұйымы туралы сәуір айының соңында Ресейдің билікшіл басылымдары жазған. РИА Новости сұхбат алғандардың бірі "Жұмысшылар партиясын"" Ұлыбританиядан басқарылатын және жағдайы жақсы жұмыс істемейтін студенттерден жасақталған студенттер тобы" деп сипаттаған.

Агенттік мәліметінше, «Жас революционерлер» 18 жасқа толған бойда өз тобын құрып, солшыл радикалды «Коммунистер-интернационалистер ұйымының» қолдауына ие болған. Бұл ұйым Ұлыбританияда орналасқан, троцкизмді жақтайтын идеолог Алан Вудс басқаратын халықаралық одақ құрамына кіреді.

Комментарии