Алматыда халықаралық кітап күнінде ерекше қоғамдық орын ашылды

468
Adyrna.kz Telegram

Һәкім Абай «Артық білім-кітапта» деген. Адамның жанына азық болар бай мұраны ғаламның 8 кереметінен емес, том-томдаған кітап беттерінен ғана кездестіруге болады.  Бүгінде сәуір айының 23-і жұлдызы халықаралық кітап күні деп белгіленген.  Білімге құштар жандардың қрасын көбейтуге бағытталған айтулы датаға орай, Алматыда кітап кофеханасы ашылды.

Жоба, Алматы қаласының әкімдігі мен «Мазмұндама» баспасының бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асқан. Басты мақсат- тұрғындар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау.

Қоғамдық орын бір мезетте 50 адамға дейін қабылдай алады. Ондағы сөрелерге түрлі жанрдағы мыңға жуық оқулық қойылған.

Жоба жетекшісінің сөзіне сүйенсек, мұндай қоғамға пайдалы қоғамдық орындар еліміздің әр өңірінен ашылады деп жоспарланған.

 Бұл – алғашқы жобамыз. Егер халықты қызықтырып, сұранысы туатын болса, Алматының басқа жерінен және Қазақстанның басқа өңірінен ашамыз деп отырмыз, – деді «Мазмұндама»  баспаның басшысы Шыңғыс Мұқан.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер