Су жағадан алғанда, жемқор етектен тартады. Жымқырылған 1 млрд теңге әшкере болды

3974
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Қазселденқорғау
Сурет: Қазселденқорғау

Қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген 1 млрд теңгеден аса қаржының жымқырылағанын анықтады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Енді соған сай тексеру басталмақ.

Мұндай тапсырманы агенттік басшысы Дмитрий Малахов берді.

Себебі су тасқынының салдарын жоюға бөлінген қаражатты жымқыру фактісі тіркелген. Ол ақшаның қайда кеткенін сапалы тексеру мен бағалауды қамтамасыз ету қажеттігін айтып өтті.

"Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпай, бөгеттер, су бұру объектілерін салу, сондай-ақ өзен арналарын тереңдету үшін ақшаны ұтымды пайдалануды зерделеуі қажет", - деп тапсырды Д.Малахов.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су тасқыны салдарына Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

Дегенмен қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғаған. Салдарынан 5 адам күдікті деп танылып, келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асқаны анықталды.

Пікірлер