Пәкістан қарулы күштері Үндістанға жауап ретінде ауқымды әскери операция бастады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Geo TV-ға сілтеме жасап.
Пәкістанның сыртқы істер министрі Исхақ Дар соңғы үш күн ішінде Үндістанның бірқатар әскери әрекеттеріне қарамастан, Пәкістан шиеленісті ушықтырмауға тырысқанын айтты.
“Үндістан бірнеше мәрте біздің елге шабуыл жасалды деп айып тақты. Бүгінгі операция – Пәкістан тарапынан алғашқы шабуыл. Нью-Дели халықаралық қауымдастық алдында бізді агрессор етіп көрсетуге тырысты, алайда әлем бұл мәлімдемелерге сенген жоқ. Біз басқа мемлекеттердің сабырға шақырған үндеулерін құрметтейміз. Бірақ Үндістан қызыл сызықтан өтті. Сондықтан біз жауап қайтаруға мәжбүрміз”, — деді министр.
Шетелдік БАҚ хабарлауынша, Пәкістан әскері Үндістанның Адампурдағы әскери-әуе базасын жойып, Удхампур базасына да соққы берген. Сонымен қатар, кибершабуыл нәтижесінде Үндістанның электр желілерінің 70 пайызы істен шыққан.