Рекордтық сома. «Челсидің» 16 жастағы Дастанға қанша төлейтіні жарияланды

1532
Adyrna.kz Telegram
Фото: metaratings.ru
Фото: metaratings.ru

Челси” клубы алматылық "Қайраттың" 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтбаев үшін 4,3 млн еуро төлейді. Бұл туралы спорт журналисі Иван Карпов айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәміле қазақстандық футбол тарихында рекордтық көрсеткіш саналады.

Бес жылдық келісімшарт 2026 жылдың тамызында, 18 жасқа толған кезде күшіне енеді.

2,4 миллион еуро – тұрақты төлем, қалғаны "Қайратта" да, "Челсиде" де, оны жалға алуға болатын басқа клубта да ойындар үшін қосылатын бонустар.

Лондон футбол клубы Сәтбаевпен 5 жылға келісімшартқа қол қояды. Ол 2026 жылдың тамыз айында – ойыншы 18-ге толған кезде күшіне енбек.

Сәтбаев үшін «РБ Зальцбург», «Байер», «Бенфика» және «Реал Сосьедад» секілді Еуропаның азулы клубтары таласқа түскен. Десе де, «Челси» жас талантты сатып алуда табандылық көрсеткен.

Айта кететін жайт, «Қайрат» ойыншысы Нұрәлі Әліп «Зенитке» 2 млн еуроға сатылған еді. «Астана» клубы Патрика Твумасиді «Алавеске» 3 млн еуроға сатылған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер