30 мың адамның тағдырына қатер үйірген. Тағы да Назарбаевтардың былығы

1284
Adyrna.kz Telegram

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Ақбота Назарбаева иелік ететін «Толағай-2050» ЖШС кесірінен 30 мың алматылық тұрғынның өміріне қауіп төніп тұр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

ТЖМ ақпаратынша, Ақсай шатқалындағы селді ұстайтын бөгетке жауапты мердігер өз міндеттемелерін орындамай отыр.

“ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов "Ақсай" бассейніндегі селді ұстайтын бөгетті тексеру кезінде мердігердің жоғарыда аталған объектіні салу бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты белгілі бір бұзушылықтарды анықтады (Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұр), осыған байланысты "Қазселденқорғау" басшылығының алдында тиісті материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне беру туралы мәселе көтерілді . Оның нәтижелері бойынша ҚР ҚМА қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізілуде”, делінген министрлік хабарламасында.

Ал, Protenge мәліметінше, нысанның құрылысын Ақбота Назарбаева иелік ететін «Толағай-2050» компаниясы жүргізген.

Бөгеттің өзі Алматы облысының Қарасай ауданы мен Алматының Наурызбай ауданының тұрғындарын қорғайды.

Бөгет сапасыз салынған, тапсырыс берушінің айтуынша, қазір сынақтар жүріп жатыр, бассейнде еріген су жиналып жатыр. Биыл компания мемлекетпен ондаған миллиард теңгенің 39 келісімшарты мен қосымша келісімдерге қол қойды, деп жазады ProTenge.

Пікірлер