Жайықтың суы көтеріліп келеді. Батыс Қазақстандағы апатты жағдайдың барысы

1657
Adyrna.kz Telegram
Фото: zhaikpress.kz
Фото: zhaikpress.kz

Батыс Қазақстан облысының әкімі өңірдегі жағдайды баяндады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Аймақ басшысы облыста су тасқыны жағдайының шиеленіскенін айтып, Жайық өзеніндегі су деңгейі 7 метрге жетіп, шекті деңгейге жақындағанын айтты.

Облыстағы Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарында, Орал қаласының Жайық өзенінің бойында орналасқан аудандарында 94 елді мекенді су басу қаупі төніп тұр. Облыс әкімі:

«Барлық ресурстарды жұмылдырдық, Жайық өзенінің жағалауындағы аса қауіпті учаскелерде бөгеттер салынуда.Жағалауды нығайту жұмыстарына 200 бірлік техника жұмылдырылып, 1000-ға жуық адам жұмылдырылған», - деді Нариман Төреғалиев.

Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысы су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан халқына Жолдауында табиғи апаттан зардап шеккен бірде-бір тұрғынның көмексіз қалмайтынын атап өткенін еске салды.

«Зардап шеккендерге облыс жұртшылығы да үлкен қолдау көрсетуде. Облыстың кәсіпкерлері, қоғамдық бірлестіктер, волонтерлар және қарапайым облыс тұрғындары көмектесуде, бұл үшін оларға үлкен алғыс айтамыз. Енді тағы бір рет еске салғым келеді. Осы қиын кезеңде сабырлылық танытып, бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз қажет. Сонымен қатар қазіргі су тасқыны жағдайы туралы ресми ақпарат көздеріне ғана сенулеріңізді сұраймын», - деді облыс әкімі.

Пікірлер