Өткен жылы 49 жаңа техника сатып алдық — Жамбыл ТЖД

156
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» ұлттық порталының кезекті сұхбаты Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Руслан Орынбеков болды.

Руслан мырза, облыстағы төтенше жағдайға керекті техникалар саны қанша?

— Департаменттің өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің қызметінде негізгі, арнайы және қосалқы мақсаттағы 141 бірлік техника бар, оның ішінде:
- негізгі өрт сөндіру автокөліктері – 67 бірлік;
- арнайы өрт сөндіру автокөліктері – 18 бірлік;
- қосалқы өрт сөндіру автокөліктері – 56 бірлік.

Облыстағы жағдайға орай техника тапшылығы сезіле ме? Болса, қандай санаттағы техника жетіспейді?

— Техникалардың санаты бойынша жабдықталуы:
- негізгі өрт сөндіру автокөліктері – 67 бірлік (жарақталуы 93 % құрайды, тиістілік нормасына сәйкес 72 бірлік болуы қажет);
- арнайы өрт сөндіру автокөліктері – 18 бірлік (жарақталуы 81 % құрайды, тиістілік нормасына сәйкес 22 бірлік болуы қажет);
- қосалқы өрт сөндіру автокөліктері – 56 бірлік (жарақталуы 54 % құрайды, тиістілік нормасына сәйкес 103 бірлік болуы қажет).
Баланстағы техникалардың ішіндегі 16 бірлігі пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан, ол жалпы автокөлік паркінің 12 % құрайды және ескірген техникалардан тұрады. Есептен шығаруды есепке алмағанда өрт сөндіру техникасына қажеттілік 25 бірлікті құрайды.

Ағымдағы жылы осы департаменттің техникалық базасы үшін
бюджеттен қанша қаржы бөлінді?

— Департаменттің өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерін техникамен жабдықтау республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Республикалық бюджеттен қаржыландыру Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетімен сатып алу арқылы және облыстарға бөлу тәртібімен кезең-кезеңімен бөлінеді. Жергілікті бюджеттен арнай техникаларды сатып алу үшін ағымдағы жылы 274 миллион 600 мың теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу порталына сатып алу жөнінде конкурсына хабарламалар орналастырылды. 2025 жылы арнайы техникаларды сатып алу үшін, жергілікті бюджет есебінен 1 млрд. 662 млн. 730 мың теңге қаржатты бөлу жоспарлануда. Департаменттің құрлымдық бөлімшелеріне 2020-2023 жылдар аралығында Республикалық бюджеттен 28 бірлік және жергілікті бюджет есебінен 21 бірлік, барлығы 49 бірлік техникалар сатып алынды.

Төтенше жағдай департаментін жабдықтауға байланысты басқа қандай жергілікті ерекшеліктер бар? Техникамен жабдықтауда бұл ерекшеліктер ескеріле ме?

— Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментін техникалық жарақтандыру кезінде облыстың географиялық, климаттық жағдайы және өзге де ерекшеліктері ескеріледі.  Мысалы, салынып жатқан көпқабатты ғимараттардың (10 қабаттан жоғары) көбеюі мен салынып жатқанын ескере отырып, облыс орталығында Тараз қаласы үшін, «АЛ-55» өрт сөндіру автосатысын немесе «АКП-50» автоиінді көтергішті сатып алудың шұғыл қажеттілігі бар. Бүгінгі таңда Тараз қаласының аумағында 7 биік ғимарат бар (12 қабатты тұрғын үй – 2, 10 қабатты тұрғын үй – 5).
Осыған орай, қазіргі таңда Жамбыл облысының өртке қарсы қызметі гарнизонының жарағына «АЛ-55» өрт сөндіру автосатысын немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен «АКП-50» автоиінді көтергішін сатып алу мәселесі қарастырылуда.

- Жауабыңызға рақмет!

Пікірлер