Шығыста балықшылар мұз астына түсіп кеткен

1407
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖД
Фото: ТЖД

Шығыс Қазақстанда мұз астына түсіп кеткен балықшылар құтқарылды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеп.

ТЖД Ұлан ауданындағы Сібе көліндегі балықшыларды жақын маңда жүрген адамдардың құтқарғанын хабарлады.

«Балықшының бірі мұз үстінде жүріп келе жатып, кенет астына түсіп кетті. Өскемен қаласының тұрғыны Александр Алексеев мұны байқап, абдырап қалмай сол адамға тросс лақтырған. Соның көмегімен ол балықшыны шығарып алды», - делінген ақпаратта.

Александр есімді азамат пен оның қасындағы азаматтар көлден үйге кетуге жиналып жатқанда мұз астына құлаған тағы бір адамды көрген.

«Ер адамға еңбектеп мұзға шық деп айқайладым. Содан кейін көмек көрсеткен басқа адамдармен бірге оған арқан мен шананы лақтырдық. Әйтеуір азамат қорқынышын жеңіп, судан шығып, шанаға жете алды. Басқа куәгерлермен бірге оны қауіпсіз аймаққа шығардық», - дейді Александр Алексеев.

Пікірлер