Қауіпті сейілту мақсатында: Жасанды бөгеттерді жару жұмыстары жүріп жатыр

2064
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Атырауда Ұлы Жем өзені арнасын бұру үшін жасанды бөгеттерді жару жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

"Қазіргі уақытта Ұлы Жем өзені елді мекенге қауіп төндірмес үшін, қарғын судың деңгейін түсіру өте өзекті мәселе болып отыр. Осы ретте Жемнің бойында орналасқан жасанды бөгеттерді жару арқылы судың арнасын бұру жұмыстары басталды", - делінген хабарламада.

Атырау облысы әкімінің орынбасары жұмыстарға аэровизуалды тексеру жүргізілгенін айтты.

"Жылыойға төнген қауіпті сейілту мақсатында Жем өзенінің сағаларын ашып жатырмыз. Бұл маңда кезінде көптеген жеке шаруа қожалықтар суды жинап алу мақсатында ағыс көзін бітеп, жасанды бөгеттер тұрғызған. Бұл қалаға келген судың ағыспен ағып кетуіне үлкен кедергі болып отыр. Соған байланысты бітелген арналардың көзін бөгеттерді жару арқылы ашып жатырмыз. Оны тротилмен жарып, өзен кедергісіз ағып жатыр", - деді Қайрат Нұртаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін тасқын судың қаупіне байланысты Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер