Жүк көлігі жүк пойызымен соқтығысып, бірнеше вагон рельстен шықты

1169
Adyrna.kz Telegram
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

1 наурыз күні сағат 10:20 шамасында Атырау облысындағы Тендік станциясының теміржол өткелінде ірі жол-көлік оқиғасы болды. Жүк көлігі жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзуынан жүк пойызына соқтығысып, локомотив пен 11 бос вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Апат салдарынан локомотив бригадасының қызметкерлері жарақат алды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

"2024 жылы теміржол өткелдерінде автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына байланысты 28 жол-көлік оқиғасы тіркелді. ҚТЖ осындай жағдайлардың алдын алу үшін теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын ескертеді," – деп мәлімдеді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кеткені туралы хабарланған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер