Израильде шеруге шыққандар премьер-министрдің резиденциясына басып кіруге тырысқан

1498
Adyrna.kz Telegram

Израильдің Иерусалим қаласында ХАМАС-тың кепілге алған адамдарды тез арада қайтаруын талап еткен, үкіметке қарсы шеруі өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Израильдік БАҚ-тың мәліметінше, Наразылық білдірушілер премьер-министр Беньямин Нетаньяхуды ауыстыруды талап етті.  Олардың пікірінше ол кепілге алынғандарды босату үшін «мәміле жасасуға кедергі болып отыр».

Наразылық шаралары үшінші күн қатарынан жалғасып жатқанын, кепілге алынғандардың туыстары бұған дейін де митингілер өткізгені айтылды. Соңғы шеру кезінде кейбір наразылық білдірушілер қолдарына алау алып, кейбіреулері Нетаньяхудың үйіне барған. Ал аймақта тәртіпсіздіктер мен полициямен қақтығыстар басталды. Тәртіп сақшылары кем дегенде бес наразылық білдірушіні ұстады.

"Кейбіреулер тәртіпсіздік жасап, премьер-министрдің үйіне баруға тырысты. Премьер-министрдің үйіне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", - деді полиция өкілдері.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға кезінде тәртіп сақшыларының бірі жараланған.

Сондай-ақ наразылық білдірушілер кнессеттен (парламент) жаяу жүріп, Нетаньяху резиденциясы орналасқан аймақта оған жету үшін екіге бөлінгені хабарланды. Полиция баррикадалар орнатуға тырысты.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қарашасында Израиль мен Хамас уақытша бітімге келді, оның ішінде израильдік кепілге алынғандарды Израильде түрмеде отырған палестиналықтарға айырбастау туралы келісім жасалған. 7 қазанда Хамас тұтқындаған 250-ге жуық тұтқын кепілге босатылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ХАМАС бақылауындағы аумақта 130-ға жуық кепілге алынған адам болуы, олардың кейбірі қаза табуы мүмкін.

Пікірлер